90 жылдық тарихи бар ҚазҰУ қалашығының бүгәнгә мен болашығы.
Нарымбаев Қуандық Датхабайұлы
Дінтену және мәдениеттану кафедрасының 2 курс докторанты
1934 жылы еліміздің алдыңғы қатарлы университеті, қарашаңырағымыз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің іргетасы қаланды. ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғары білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады. Университеттің мыңдаған түлектері Қазақстанның және оның аумағынан тыс жерлердегі өндірістің барлық салаларында табысты еңбек етуде.
Он жылдан астам уақыт бойы академиялық рейтинг және халықаралық обсерватория сарапшылары мақұлдаған ұлттық рейтингте көшбасшы орынға ие болды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО-ның, сондай-ақ сарапшылар мен жұмыс берушілердің ғылыми-білім беру қызметінің кең спектрін көрсететін барлық параметрлер бойынша жоғары баға алды. Ғылым мен білімді ұштастырған оқу ордасы қазіргі таңда әлем...