Өнер-білім- кез келген ұлттың жүрегі.Ағартушылық ісіне аса ден қойған ұлт, қатарынан озық тұрары сөзсіз.Әр ұлтта бір білімді азамат болатын болса, ел арасындағы қараңғылықты жарыққа алмастыруға қауқары бар.Өнер-білім-телегей теңіз,сол теңіз мөлдіріне қанық болған ұлт болашағынан айқын үміт күте алады. Атырапқа көз салсақ, жаһанданған әлемде дәл осы ағартушылықтың орыны орасан маңызды
Өнер- білім бар жұртта…
Өнер-білім- кез келген ұлттың жүрегі.Ағартушылық ісіне аса ден қойған ұлт, қатарынан озық тұрары сөзсіз.Әр ұлтта бір білімді азамат болатын болса, ел арасындағы қараңғылықты жарыққа алмастыруға қауқары бар.Өнер-білім-телегей теңіз,сол теңіз мөлдіріне қанық болған ұлт болашағынан айқын үміт күте алады. Атырапқа көз салсақ, жаһанданған әлемде дәл осы ағартушылықтың орыны орасан маңызды.
Білімді,көзі ашық азамат-өз ұлтының көзін ашып,білімге шақырып, өнер-білімдегі кемшілік тұстарын айтуға әзір болып тұрады.Осындай ниетте Түрікмен Шаһмұрад өз ұлтын, өзге ұлттың өнер-білімі мен оқу,оқыту мәселелерімен салыстырып қарайды.Әуелі Қазақ халқының өнер-білімге,оқу,оқытуға құштарлығын ашып жазады. Қазақта ағарту ісіне үлесі сіңген көптеген мәшһүрлер бар. Мысалы айтар болсақ, Ахмет,Міржақыптар бастап,Сералиндер қоштағангазет,журнал, оқу,ағарту ісінде бастаушы...