Қоғамда қызмет те, мансап та, абырой – атақ та ақшаға, құнды заттарға айырбасталатын арсыз заман орнаған шақта халық үшін келеңсіз жайлар көптеп туындайды. «Таяқтың екі ұшы бар» дегендей мұның кімге пайдалы, кімге залалды болатыны тарихи тәжірибеде талай дәлелденген. Оған дәлел «Қазақ» газетінде Байұлының «Ішкі орда» атты мақаласында Ішкі Ордада болған оқиға жөнінде жазады. Таловкада басталған прием кезінде байлардың көбі қазына қызметіне кірісіп, қалғандары бір мың, мың жарым беріп, «ауру себепті қызметке жарамайды» деген бір шолақ қағазды ұстап үйлерінде қалады. Оларды жоқтатпау үшін ылғи кедей, ақсақ, таз, аурулар, қызметке алынды. Бар малын сатып, өзін, не баласын құтқарып алмақ үшін бәсекеге түседі....