Неге көбелектер жарыққа қарай ұшады? Көбелек, Жаз — барлық тіршілік иесіне "жан бітетін" уақыт. Адамдардың өмір салты мен мінез-құлқы ұқсамайтыны секілді, жануарлар мен жәндіктердің өздеріне ғана тән ерекшелігі болады. Қараңғы түскен шақта тіршілігі енді басталатын жәндік түрлері де бар. Дегенмен, өзін өлтіретінін біле тұра жарыққа қарай ұшатын көбелектердің әрекеті басқаларға қарағанда әлдеқайда жұмбақ көрінеді. Бұндай көбелектерді "табиғаттағы суицид жасаушылар" деп те атайды.
Жаз — барлық тіршілік иесіне "жан бітетін" уақыт. Адамдардың өмір салты мен мінез-құлқы ұқсамайтыны секілді, жануарлар мен жәндіктердің өздеріне ғана тән ерекшелігі болады. Қараңғы түскен шақта тіршілігі енді басталатын жәндік түрлері де бар. Дегенмен, өзін өлтіретінін біле тұра жарыққа қарай ұшатын көбелектердің әрекеті басқаларға қарағанда әлдеқайда жұмбақ көрінеді. Бұндай көбелектерді "табиғаттағы суицид жасаушылар" деп те атайды.
Неге жәндіктер жарықты жақсы көреді?
Ғалымдар түнде өмір сүрсе де, жарыққа еріксіз ұмтылатын жәндіктер жайлы әлі күнге дейін зерттеу жүргізіп келеді. Жарық, соның ішінде шам оты өлтіретінін білсе де, тым жақын ұшуының себебі неде? 1917 жылы зерттеуші В. фон Будденброк бұндай жәндіктердің өзіне тән...