Кроссовка — күнделікті аяқ киім, сондықтан жылдам ластанады. Сүйікті әрі ыңғайлы аяқ киіміңіз әрдайым таза болуы үшін оны дұрыс жуу жолдарын ұсынамыз.
Соңғы жылдары сән өз бағытын спорттық стильге қарай бұрды. Яғни, спорттық стильдегі киімдерді классикалық киімдермен үйлестіріп, күнделікті өмірде киюге болатындай икемдеп берді. Кроссовка — көпшіліктің гардеробында кездесетін, көптеген киімдермен үйлесетін және ең ыңғайлы аяқ киімнің бірі. Егер кроссовка киюді жақсы көретіндердің қатарында болсаңыз, оның тазалығын сақтаудың жолдарын білген жөн.
Кроссовканы кір жуғыш машинамен салып қалай жуамыз?
Әрине, кроссовканы жылдам тазартудың әдісі — оны кір жуғыш машинамен жуу. Бірақ былғары аяқ киімді, моншақтары, жабыстырмалары және жарық шағылыстырғыш қондырмалары бар...