Жалғыздық, Ги де Мопассан Бойдақтар компаниясында өткен көңілді кешкі астан соң маған ескі танысым:
Бойдақтар компаниясында өткен көңілді кешкі астан соң маған ескі танысым:
— Елисей алаңымен серуендеп қайтсақ қайтеді? — деді.
Сонымен екеуміз жай басып, екі қапталын жапырақтары селдіреп қалған сидиған ағаштар көмкерген ұзын аллеяның бойымен жүріп келеміз. Айналадан мынау Париж қозғалысының мәңгілік тұншығыңқы гуілінен өзге шу естілмейді. Бетімізді кешкі самал өбеді.Тұнжыр аспан бетінде алтын түстес сансыз көп жұлдыз шаңытып жатыр.
Жолдасым сөйлеп келеді:
— Неге екенін қайдам, түнде осында келсем болды, тынысым кеңіп, қиялым қиянға самғап жүре береді. Кейде ақыл-ойымды бір жарық сәуле көктей өткендей болады, сол сәтте мен мынау тылсым жаратылыстың бар құпиясын аша алатындай көрінем.
Кей — кейде ағаштардың арасынан...