Қазақ тілінің құндылығы, тіл туралы эссе, тіл туралы шығарма, Тіл — ұлттың тірегі Тіл — мемлекеттің тұғырлы тірегі, халыктың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрнегі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Біздің осындай халыктық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз — қазақ тілі.
Тіл — мемлекеттің тұғырлы тірегі, халыктың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрнегі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Біздің осындай халыктық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз — қазақ тілі.
Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі — әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі — халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Ана тілдің қасиеті туралы қанша айтсақ та таусылмайды. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары тозады, жоғалады, ал тіл тозбайтын ең қымбат мұралардың бірі....