Баланы тамақтандырғанда жиі кездесетін үш қателік Базарға барсаңыз да, дүкенге кірсеңіз де балаға арналған тамақтың түр-түрін кездестіресіз, жаңа туған нәрестеге беруге болатын қоспадан бастап консервіленген жеміс, ботқа, етке дейін бар. Алайда ата-аналар баланың ата-әжесінің кеңесіне құлақ түрсе де, кейде қателікке ұрынып жатады. Ол ұсақ-түйек секілді көрінгенімен, бала денсаулығына зиянын тигізеді.
Базарға барсаңыз да, дүкенге кірсеңіз де балаға арналған тамақтың түр-түрін кездестіресіз, жаңа туған нәрестеге беруге болатын қоспадан бастап консервіленген жеміс, ботқа, етке дейін бар. Алайда ата-аналар баланың ата-әжесінің кеңесіне құлақ түрсе де, кейде қателікке ұрынып жатады. Ол ұсақ-түйек секілді көрінгенімен, бала денсаулығына зиянын тигізеді.
Балаға сүтті көп мөлшерде беру
Сәбиге сүттің ешқандай зияны болмайды деген түсінік баяғыдан қалыптасқан. Алайда екі жасқа жетпеген балалардың асқазаны сиыр сүтін оңай сіңіре алмайды. Дәрігерлер табиғи сүттің орнына балаларға арналған сүт қоспасын қолдануды ұсынады, себебі ол темір, мырыш, калий секілді басқа да пайдалы микроэлеменеттерге бай. Бала алты айға жеткенше ана сүтінен ажырамағаны абзал. Ал одан...