Аспан бұлттанып, күн бұзылды. таңертең ғана күлімдеген күн сәулелерін жиып алып, бұлт артына жасырынды. Жел соғып, күн салқындады. Артынша жаңбыр жауды. Күн жарқырап тұрғанда жауар ақ жауын бар. Ол көңіліңді көтеріп, жаныңа үміт ұялатып, жылы сезімге бөлейді. Ал аспан қабағы түйіліп, айналаны түнек басып, салқын тамшылар тырсылдап жерге тамғанда жан-жүрегің мұздап, көңіліңнің де аспанын бұлт басқандай болады.
Бүгін де жаңбыр жауып тұр. Терезені жуған тамшыларды терезенің арғы жағынан бақылаймын. Ана бір үйдің есігінің алдында үсті-басы су болған мысық отыр. Дір-дір етеді суықтан. Сондай аянышты көрініс. Жып-жылы үйде отырсам да, су астында қалған мысықтай күй кештім. Үстіме күртешемді іле сала сыртқы...