Жанартаудың басым бөлігі тектоникалық тақталар (плиталар) өткен жерде қалыптасады. Егер екі географиялық платформаның түйіскен жерінде жер сілкінісі болса, міндетті түрде белсенді жанартаулар атқылай бастайды. Кейде жер сілкінісінен ұйқыдағы жанартаулар да оянып, қоршаған ортаға қауіп төндіреді. Назарларыңызға жанартау туралы қызықты деректерді ұсынамыз.
1. «Вулкан» сөзі латын тілінің «Volcanus» сөзінен этимологиялық бастау алады. Көне Рим империясының от құдайы осылай аталған. Аңыз бойынша Вулкан құдайы Италиядағы Этна жанартауында өмір сүрген.
2. Көне грек мифологиясында Этна тауының баурайында от құдайы Гефест өмір сүрген. Аңызға орай Прометей есімді титан жанартаудан от ұрлап, адамдарға береді.
3. Жүздеген жыл бұрын Мексикада өмір сүрген ацтектер мен Никарагуа тұрғындары...