Қаңтардағы ҰБТ-да талапкерлер қандай пәндерді жиі таңдаған туралы мақала. ҰБТ 2024 Соңғы бірнеше жылда алғаш рет талапкерлер ең көп таңдайтын бейіндік пәндер комбинациясы өзгерді.
Соңғы бірнеше жылда алғаш рет талапкерлер ең көп таңдайтын бейіндік пәндер комбинациясы өзгерді.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, талапкерлердің 18,4%-ы биология-химия пәндерін таңдаған. Бұл бейіндік пәндер комбинациясымен талапкерлер медицина, педагогика, ауыл шаруашылығы, ветеринария және т.б. бағыттарға оқуға түсе алады.
Сонымен қатар алғашқы бестікте математика-физика – 16,9%, математика-информатика – 11,7%, шет тілі-дүниежүзі тарихы – 9,4% және шығармашылық емтихан 9,3% бар.
Өткен жылғы мәліметтерге сүйенетін болсақ, топ-5 өзгерген жоқ. Дегенмен 2023 жылғы қаңтар ҰБТ-сында талапкерлердің ең көп таңдаған комбинациясы математика-физика 19,2% болды. Екінші орында биология-химия – 18,6%, ары қарай шығармашылық емтихан – 10,2%, математика-информатика – 10% және шет тілі-дүниежүзі тарихы –...