Сыңғырла соңғы қоңырау
Мектеп аманаты саналған түлек үшін соғылған соңғы қоңырау маңызы биік тараудың аяқталып, мүлдем бейтаныс, ересек өмірге деген ұзын етек жолдың бастауы. Бұл сәт қуаныш пен толқудан басталып, сағыныш пен қимастыққа дейінгі аралас сезімдерге толы. Өйткені, бір жаз ішінде түлек алдына мүмкіндіктер мен қиындықтарға толы ересектер әлеміне жетелейтін есік ашылады.
Түлек үшін соңғы қоңырау сыныптас, мұғалім мен естелікке толы мектеп табалдырығымен қуанышты қоштасу уақытына айналады. Бұл кез келген оқушы үшін уақыттың зулап, мектеп аясындағы қиындық пен қуаныштың қаншалықты тез өткендігі және әлі де шығар биіктің көп екендігі жайлы ойланатын уақыт.
Өмірдің жаңа бастамасына деген дайындық әуелден соңғы қоңырау сыңғырына дейін басталады. Көптеген...