Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың 2024 ж. 3 қаңтарда республикалық "Егемен Қазақстан" газетіне берген сұхбатындағы Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты бойынша айтқанына пікір.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» тақырыбымен берілген сұхбатын зор қызығушылықпен оқып шықтым. Еліміздің бүгінгі өмірінің және келешектегі дамуының қоғамды толғандырған көптеген мәселелері бойынша терең әрі айқын да анық жауап беріліп, іргелі ой-пікірлер айтылған екен. Елдегі соңғы жылдары жүргізіліп жатқан саяси, әлеуметтік-экономикалық реформалардың мәні мен қойылып отырған мақсат, міндеттермен қатар сыртқы саясат және халықаралық қатынастар мәселелері ауқымды қамтылыпты. Сондықтан осы мәселеге назар аударуды жөн көрдік.
Өткен жылға көз жүгіртсек, әлемде және тарихта бұрын-соңды болмаған өзгерістер орын алып, геосаяси қайшылықтар күшейіп, антиглобализм толқыны күшейіп, жаһандық экономиканы қалпына келтіру...