Тамырын тереңге жайған көрікті әрі көрнекті саланың бірі - зергерлік өнер. Осы саланың хас шебері болу киелі әрі қастерлі өнер болып есептелген. Ол үшін әуелі адам бойында тумысынан дарыған ерекше талант болуы қажет. Негізінен осы ықылым заманнан келе жатқан зергерлік өнерде қолынан бал тамған шеберлер түрлі құрал-саймандар өздері жасап, қолданып отырған. Әсіресе зергерлер қыз-келіншектердің бұйымдарын көп жасаған.
ХХ ғасырда қазақтардың зергерлік өнері кеңес дәуірінің саяси және әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерімен байланысты қиындықтарға тап болды. Осы кезеңде тапсырыстар саны азайды, қымбат металдар мен тастарға қол жетімділік шектеулі болды, қолөнер технологияларының берілуі бұзылды, шеберлер әулеттері үзілді. Қайта өрлеу 1980 жылдары Алматы, Семей, Шымкент...