Әз Тәукенің тұсында үш жүздің баласы оңтүстіктен шөлейтке қарай жайлайды екен. Сырдың бойын жағалап, Жетісу, Алматы, Қапал тауларын өрлей отырады екен. Орта жүздің қыс қыстауы шүйгіген Сыр бойы да, жаз жайлауы Арқаның жоны екен. Сол кезде орта жүз қазағы Есіл мен Ертіс арасын қуалай шөлейтке келіп, мал семіртіп отырғанда, Қайдауыл дейтін өзеннің бойында дүниеге ер Олжабай келеді.+
(І нұсқа)
Әз Тәукенің тұсында үш жүздің баласы оңтүстіктен шөлейтке қарай жайлайды екен. Сырдың бойын жағалап, Жетісу, Алматы, Қапал тауларын өрлей отырады екен. Орта жүздің қыс қыстауы шүйгіген Сыр бойы да, жаз жайлауы Арқаның жоны екен. Сол кезде орта жүз қазағы Есіл мен Ертіс арасын қуалай шөлейтке келіп, мал семіртіп отырғанда, Қайдауыл дейтін өзеннің бойында дүниеге ер Олжабай келеді.
Әкесі Толы би — Айдаболдың немересі. Үргеніш, Қоңырат еліндегі нағашысына кеткенде, бәйбішесі Айбике босанып, күйеуі жоқта туған соң: «Бұл олжа бала», — деп, атын Олжабай қойған. Қап түбінде болат қылыш жата ма, олжа бала, жас күнінің өзінен-ақ талпынып, алмастың асылындай болып...