Сырласатын дәуірменен, ғасырмен, Бірге туған құдірет жыр — асылмен. Ақын Сәкен, — өлкеміздің өрені, — Құттықтаймыз кемелденген жасыңмен!
Сәкен Иманасовқа
Сырласатын дәуірменен, ғасырмен,
Бірге туған құдірет жыр — асылмен.
Ақын Сәкен, — өлкеміздің өрені, —
Құттықтаймыз кемелденген жасыңмен!
Елу жаста Сәкеніміз — жаны ізгі,
Алакөлде салып едің сан ізді.
Ақындыққа ұмтылған сол ұлы жол
Талапкерден басталатын тәрізді.
Осы жерде жырың сенің гүл атты,
Жүгендедің асау Пегас — пырақты.
Оттан ыстық Отан сөзі сен үшін
Алакөлден басталатын сияқты.
Елу жылда ел жаңарды, көгерді,
Кемел жасқа келдің биыл сен енді.
Көтерілдің биіктерге алқынбай,
Артқа тастап талай асу, белеңді.
Елу — тал түс, алыс әлі екінді,
Жырың қазір бір биікке бекінді.
Алакөлдік арынды асау ақындық
Бір өзіңнен басталатын секілді.
"Жаңа өмірде"...