Ауылда тұратын кезім еді, облыстық газеттің меншікті тілшісі болып істейтін сүрбойдақ жігітпін. Түнде болмаса, күн баласы үйден көп шыға қоймаймын. Жуырда ғана аудан басшыларымен жағаласа жүріп, көшеден сәл бұрылыста орналасқан үйіме телефон қойдырып алғам. Тіршілік жұмысымның бірқатары сол телефонмен бітіп жатады.
Телефон тағы шыр еткен. Түс қайтып қалған мезгіл еді, бұл кезде аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы болып істейтін Тоқтар Жанғозин ғана преферанс ойнайық деп телефон соғатын. Сол шығар деп тұтқаны көтерсем:
— Алло, Сәкен, Мен Әнуарбек Дүйсенбиев ағаң ғой, — дейді.
— Оу, көке, қайдасыз, қайдан жүрсіз? — деп жатырмын.
— Осында, Үшаралдағы қонақүйдемін. Жайым болмай тұр. Ауырсынбасаң, келіп,...