Әнуар Әлімжановтың аты ерте шықты, атағы ерте жайылды. Бір ел, бір өңірден екенімді айтып, сыртынан малданып, кейде мақтап, кейде мақтанып жүргеніміз болмаса, аса бір жақын білісіп те, біте қайнасып та кеткен кісілер емеспіз. Сыйласып жүрдік, сыр алыса сырласа қоймаппыз. Бүйрегі бұрса, бұрған шығар, бірақ жасы кіші ғой деп аса бауырына тарта қоймады, мен де оншалық бір үздігіп, ағам деп артынан ере қояйыншы деген ниет көздемеппін. Тіпті, ол бірінші хатшы болып тұрғанда Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істей жүріп, бір де бір өтінішпен алдына жалғыз бармаппын. Ол да мені оңаша әңгімеге шақыра қойған жоқ еді. Мені қызметке алған сол кезгі екінші хатшы Ілияс Есенберлин еді де, босатқан келесі екінші хатшы Шерхан Мұртазаев болатын. Әнуар, тіпті, менің бұл қызметке қашан келіп, қашан, қалайша кеткеніме де мән бере қоймаған сияқтанған.
1.
Әнуар Әлімжановтың аты ерте шықты, атағы ерте жайылды. Бір ел, бір өңірден екенімді айтып, сыртынан малданып, кейде мақтап, кейде мақтанып жүргеніміз болмаса, аса бір жақын білісіп те, біте қайнасып та кеткен кісілер емеспіз. Сыйласып жүрдік, сыр алыса сырласа қоймаппыз. Бүйрегі бұрса, бұрған шығар, бірақ жасы кіші ғой деп аса бауырына тарта қоймады, мен де оншалық бір үздігіп, ағам деп артынан ере қояйыншы деген ниет көздемеппін. Тіпті, ол бірінші хатшы болып тұрғанда Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істей жүріп, бір де бір өтінішпен алдына жалғыз бармаппын. Ол да мені оңаша әңгімеге шақыра қойған жоқ еді. Мені қызметке алған сол кезгі екінші...