Кеңес жазушылары өздерінің шығармаларында жұмысшы, қара шаруа үкіметін жақтап. сол үкіметтің көздеген мақсатына жету жолында күш жұмсап, көркем әдебиет арқылы барлық еңбекшілердің ой-санасын ұйымдастырып, социализм құру күресіне үндейді.
Бұл жазушыларымыздың шығармаларының көпшілігі біздің жаңа құрылысымызбен жасап, жаңа өміріміздің Көркем көріністерін көзімізге айқындап көрсетіп суреттейді. Олар өз елімізде құрылған, құрылып жатқан өндіріс, зауыт-фабриктер мен үлкен-үлкен қалалардың, мидай далада құрылған жаңа құрылыс, жаңа өмірдің қалай жасалғандығын, кімдер жасағанын, қалай жасап жатқанын, біздің аулымыздың жаңаша жасай бастағанын суреттейді. Олар біздің бүгінгі құрылыстағы екпінді ерлеріміздің құрылыстағы қайрат-жігерін көрсетіп, кешегі тап соғысындағы ерлердің істерін суреттеп, ашық, жасырын құпия жауларымыздың сырларын ашып, жаулығын айқындап көрсетеді.
Мұнымен...