Омар орта бойлы, нығыз денелі, қошқыл түсті, қанталаған тобылғы көзді "қасқыр" болып ержетті.
(повесть)
("Ол кезде ол сондай еді")
Омар орта бойлы, нығыз денелі, қошқыл түсті, қанталаған тобылғы көзді "қасқыр" болып ержетті.
Жасынан ауылмен іргелес поселкаларға сіңіп, Мешке, Иван, Шодыр, Мекейле деген байшікеш мұжықтардың үйіне жалданып, сол бай мұжықтардың бір адамдарындай болып жүрді. Ауылдас қазақтар Омарды орысшаға жетік деп білетін болды. Омар орысша сөйлегенде "көмейі бүлкілдейді" дейтін.
Омардың өзі де орысша тілді ауылдастарынан артық білемін деп өзін-өзі өнерлі санайтын болды. Орысша киініп, көк картозын көзіне таман киіп, кіретон көйлегінің сыртынан қызыл түймелі көк көйлегін киіп, ауылға келгенде екі қолын қалтасына салып тұрады. Қазақ тілін бұзыңқырап сөйлейді. Омардың онысы жетілгендігін білдіруі еді. Бірақ онысын...