Адамзаттың тарихында бұрынғы өткен пайғамбарлардан, данышпандардан, ерлерден иығы асып туған арыстан, жер үстіндегі жалпы еңбекшіл таптың жолбасшысы Ленин жолдас еді.
Еңбекші елдің ұраны да Ленин.
Жолбасшысы, құраны да Ленин.
Адамзаттың тарихында бұрынғы өткен пайғамбарлардан, данышпандардан, ерлерден иығы асып туған арыстан, жер үстіндегі жалпы еңбекшіл таптың жолбасшысы Ленин жолдас еді.
Жалпы жер жүзіндегі түрлі заңды сансыз халықтардың ішінде Ленинді білмейтін халық жоқ еді. Жер жүзіндегі барлық әлем Лениннің есімімен жалпы еңбекшіл таптың азаттығы, жалпы адамзаттың теңдігі байланысты екенін білуші еді. Жер жүзіндегі жалпы еңбекшіл таптың азаттығы, бақыты үшін ашылған әм ашылмақ қанды майдандармен Лениннің есімі байланысты екенін әм сол майдандардың қызыл туы, қаһарманы Ленин екенін жер жүзі біліп еді.
Адам баласының тарихында болмаған 1917 жылғы Октябрь революциясының Ленин басында болғанын барлық...