Кеңселерде істі қазақ тілінде жүргізу керек деген мәселені бұдан бұрын да газет бетінде қозғап едік. Әрбір кеңестер жиылысында да әм биылғы болып өткен жалпыресейлік Коммунистер партиясының 12-ші жиылысында да көп сөйленіп, «әрбір аймақта қай халық көп болса, сол аймақтың кеңселерінде іс сол жергілікті көпшілікті халықтың тілінде жүрсін» деп қарар шығарған.
Ал екінші түрмен мұны былай деп айтқан:
«Бұрын патша заманында кемдікте болған, қазір автономия алған уақ халықтардың жерлеріндегі мекемелердің істері де сол уақ халықтардың ана тілдерінде жүрсін» деген.
Бұлай қылудан не пайда бар екенін әм пайда болса, ол пайда кімге болатынын көп бажайлап айтпаса да, әркімнің өзі-ақ білер. Сонда да...