Қазақ театрындағы биылғы жаңалықтардың әзірше бастылары — «Айман-Шолпан» мен «Хан Кене». Бұларды Қазақтың ескі әдебиетінен пьесаға аударған Мұхтар Әуезұлы. Ал бұл екі нәрсе Қазақтың ескі әдебиетінде белгілі әңгіме-жыр екенін жұрт біледі. Әсіресе «Хан Кене» қазақ тарихының белгілі дәуірімен байланысты нәрсе.
Мен «Айман-Шолпан» туралы бұл мақаламда пікірімді толық айтпай қоя тұрам. «Айман-Шолпанды» бірсыпыра жұрт мақтап шыққан сияқты. Бірақ ол туралы менің пікірім бөлекше. Оны кейін айтармыз. Әзір «Хан Кене» туралы айтайын.
«Хан Кене» алғаш театрда көрсетілген күннен бастап мен бұл туралы пікірімді ашық айтқан едім. Біздің ағарту, мәдениет істерімізді басқаратын орындардың шақырған кеңестерінде де «Хан Кене» туралы пікірімді айтқан едім. Баспасөз...