Жын қуғандай шауып қырға шыға келді. Е, дегенде сағым көтеріп, бойы жүз есе биіктеп, сағым теңізінде қалқыған биік мұнарадай бұлдырап көрінді. Сүйтіп құбылып, біресе көк теңізінде қалқып ұшып келе жатқан бұлдырықша зымырады.
(повесть)
САРЫ

Біраздан соң атты кісі екені білінді.
Бұйраттың ішіндегі ойда сызыла қонған екі-үш ауылдың шеткісінде екі-үш кісі, жынша ойнақтап шыққан атты кісіге қарап тұрды. Ішіндегі үлкені қу жақтау, қыр мұрынды, шоқша қоңыр сақалды Ысқақ деген қараторы кісі иегін, тұмсығын көтере қарап түр еді.
— Ей, мынау поштабай болмаса игі еді, жүрісі шайтан сияқты екен! Тағы да әскерге, Герман соғысына «жәрдем» жинаушы бол¬маса игі еді, түнеугі пристоптың қасындағы...