Серке Қожамқұлов жайындағы сөзді қазақ халқының жаңа тарихына көз жүгіртуден бастағым келеді. Өйткені қазіргі ең үлкен сахна шебері еліміздің ағасы Қожамқұлов — тарихымыздың куәгері ғана емес, қайта түлеген көркемөнеріміздің кеш бастаушыларының бірі, шоқтығы биік ірі тұлғасы. Биыл біз қазақ сахна өнерінің қара шаңырағы Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының елу жылдық мерекесін тойлауға қамданып жатсақ, бүгін Серке Қожамқұловтың 80 жасымен қоса оның өнер саласындағы алпыс жылдық еңбегінің мерейін тойлап отырмыз. Демек, халқымыздың кенже туған сахна өнері Серке Қожамқұловтың есімімен егіз, не бары жарты ғасырда бүгінгі әлемдік сахна өнерінің ілгері сатысына қосылған маңдай театрымыз — Серке Қожамқұловтың есімімен егіз. Әрине, көп...