Қазақ елі қашан да қыз баласын аялаған, оларды жат-жұрттық деп қадірлеп, болашақ ана деп төрінен түсірмеген. Бірақ, «қыз баласын сыйлау керек, олар нәзік жандылар, ауыр сөйлемеңдер, ол да біреудің қарындасы» деп қызыл тілге салып алып, өз баласының анасын ұрып жатқандар қаншама. Неге бұндай іс-әрекеттер әлі де бар? Мәселе әйелдерде, олар аңдамай сөйлейді, тілінен табады дейтін санасыздар саны көп. Бұл пікір қайдан шығып отыр? Неге олар еркектердің ондай қылықтарының түбінде әйел жатыр деп ойлайды? Сол арқылы оны ақтап алып, нәтижеде әйел зардап шегеді һәм кінәлі...
Жақында желіде еркектің өз әйелін лифтте тепкілеп жатқан видеосы тарап кетті. Әйелін бірінші рет соққыға жығып...