Өз басым он тоғызыншы ғасырда өмiр сүрген, жота-жота боп жатқан рухани iрi тұлғалардың ешқайсысының бәсiн түсiрмей, ешқайсысының биiгiн аласартпай-ақ, Абай мен Махамбет есiмдерiн айрықша атар едiм.
Әрине, бiрден айтайық, Абайды ешкiммен теңестiруге болмайды. Өйткенi Абай өзiне дейiнгiлердiң де, кейiнгiлердiң де қай-қайсысынан да биiк, қай-қайсысынан да терең, қай-қайсысынан да ауқымды. Олай дейтiнiмiз, қазақ халқының қара дауылдай өксiген мұң мен зарын дәл Абайдай қозғап, Қаратаудай ауыр қайғы мен қасiретiн дәл Абайдай көтерген ақын жоқ. Көзiнен жас, жүрегiнен у сорғалаған Абаймен ешкiм де теңесе алмақ емес. Бiрақ солай бола тұра, бiздiң бүкiл мұңымызды мұңдайтын да, жоғымызды жоқтайтын да Абай ғана десек, онда одан...