Махамбет жылы атанған осы жылдың жазы басталар тұсында Атырау жерiнде айта-айта жүретiн, рухани кеңiстiгiмiз үшiн елеулi де, ерек қалпымен есте сақталатын әдеби бiр оқиға болып өттi. Ол — Махамбет рухына арналған Поэзия күнi. Ол Поэзия күнiнiң тағы бiр ерекшелiгi, оған республикамыздың түкпiр-түкпiрiнен, негiзiнен, тек қана ақындардың шақырылуы.
Шынын айту керек, ол күндер — Атырау елiн де мәз еткен, ақындарды да мол қуанышқа бөлеген күндер болды. Ақындар Жайық үстiндегi көпiр арқылы, қас қағым сәтте Еуропаға сан қайтара өтiп, Азияға сан қайтара қайтып жүйткiдi де жүрдi. Ақындар бiр кезде шаршап-шалдығып, етек-жеңiн жинай алмай ми батпаққа белуарынан кiрiп малтығып жататын, бүгiнде үстiне тозаң...