Құдайға шүкiр, қазақтың бар-бар жерi өнерге де, өлеңге де бай. Оны тек тыңдай бiлетiн естi құлақ, көре бiлетiн жiтi көз болса бiздiң қай жерiмiз де көкiрегiне шемен боп қатқан шерiн, жанын жегiдей жеген мұңын алғаусыз айтып, ақтара сыр шертерi сөзсiз. Бiрақ амал не, кiлең солай бола бермейдi. Мәселен, Маңғыстаудың өлең-жырына, өнерiне дегенде, неге екенi белгiсiз, Республикалық теледидар мен радиосының түңлiктей-түңлiктей локатор құлақтары да тосаң тартып, елiмiздiң қай түкпiрiне қараса да жанарының қуаты жететiн жарқыраған камера көздерi шелденiп қалады. Бiрақ бiз түптiң түбiнде Маңғыстау дегенде ол локатор құлақтардың ашылып, ол камера-көздерiнiң жарқырап кететiнiне сенемiз. Маңғыстау өнерiнiң қуаты мен тегеурiнi солай еткiздi де!
Құдайға шүкiр, қазақтың бар-бар жерi өнерге де, өлеңге де бай. Оны тек тыңдай бiлетiн естi құлақ, көре бiлетiн жiтi көз болса бiздiң қай жерiмiз де көкiрегiне шемен боп қатқан шерiн, жанын жегiдей жеген мұңын алғаусыз айтып, ақтара сыр шертерi сөзсiз. Бiрақ амал не, кiлең солай бола бермейдi. Мәселен, Маңғыстаудың өлең-жырына, өнерiне дегенде, неге екенi белгiсiз, Республикалық теледидар мен радиосының түңлiктей-түңлiктей локатор құлақтары да тосаң тартып, елiмiздiң қай түкпiрiне қараса да жанарының қуаты жететiн жарқыраған камера көздерi шелденiп қалады. Бiрақ бiз түптiң түбiнде Маңғыстау дегенде ол локатор құлақтардың ашылып, ол камера-көздерiнiң жарқырап кететiнiне сенемiз. Маңғыстау өнерiнiң қуаты мен тегеурiнi солай еткiздi...