Оны о баста қоңырау етiп Табиғат пен Уақыт екеуi бiрлесiп құйса керек. сiлкiнiп қалған кезiнде оның өз бойынан жасынның жарығындай-қып-қызыл от шашырап, тiршiлiктiң демiндей өрттей ыстық леп ұратыны сондықтан. Сiлкiнiп қалған кезiнде оның өн бойынан жалын бұрқырап, астан-кестен болып жатқан ұлы мұхиттардың сұрапыл шуылы мен гуiлi әлденеден бөрлiгiп, әлденеден үрейленген мына қан базар өмiрдiң төбесiне қатар төгiлiп жататыны да сондықтан. Оның өн бойынан аспан мен адамның алапат күрсiнiсi қатар естiлетiнi де содан деп бiлемiз.
Ақын Әбдiлдә Тәжiбаевты о баста Табиғат пен Уақыт қоңырау етiп құяр кезде оны алдымен халық жүрегiнде қорытып, халық жүрегiнде шыңдап алғаны сөзсiз. Сондықтан да, қашан көрсең...