Қазақ совет поэзиясының дүлдүл жүйрiктерiнiң бiрi, туған әдебиетiмiздiң ыстық-суығын бiрдей көрiп, оның азабына төзiп, базарына балаша қуанып, жеңiлiнен жерiнiп, ауырына жауырынын төсеп келе жатқан ақпейiл азамат ақынымыз Әбу Сәрсенбаев сексеннiң сеңгiрiне шығып отыр.
(Сексен жылдығындағы сөз)
Қазақ совет поэзиясының дүлдүл жүйрiктерiнiң бiрi, туған әдебиетiмiздiң ыстық-суығын бiрдей көрiп, оның азабына төзiп, базарына балаша қуанып, жеңiлiнен жерiнiп, ауырына жауырынын төсеп келе жатқан ақпейiл азамат ақынымыз Әбу Сәрсенбаев сексеннiң сеңгiрiне шығып отыр. Осынау тар жол, тайғақ кешулi, шың мен шаңыраулы үлкен ғұмырды басынан өткiзген дарқан дарын Әбу Сәрсенбаевтың өз халықына рухани қызмет етiп келе жатқанына табаны күректей жарты ғасырдан астам уақыт өтiптi. Риясыз рухани бейнет етiп келе жатқан осы талантты ғұмырдың дүниеге әкелген шынайы шығармалары халқымыздың рухани асыл қазыналарына айналып кеткелi қашан. Бұл шағын тоймақалада Әбу Сәренбаев қаламынан туған дүниелердiң бәрiн қамтып сөйлемек түгiл, тек сырттай...