Аспанның бұлттан ауырлап, Алматы үстiн бұлыңғыр мұнар бүркеген қарашаның алғашқы жартысындағы күндердiң бiрiнде Жұмекен Нәжiмеденовтiң үйiне келдiм. Жұмекеңнiң жақында ғана ауруханадан шыққанын Маңғыстауда жүрген кезде-ақ естiгем. Оның алдында инфаркт болып ауруханаға түскен хабары бiзге жеткеннен-ақ хал-жағдайын сұрап, үйiмен, жiгiттермен телефондасып тұрғам-ды.
Ендi, мiне, көңiлiн сұрауға үйiне келiп тұрған бетiм. Жүкең әдеттегiсiндей ақжарқын қарсы алды. Демалып жатқан бөлмесiне өттiк. Терезе алдында кушетка, оның қасына шағын стол қойлыпты. Стол үстi бұрқырап жатқан көп қағаз. Менiң сол жаққа көзiмнiң түсе бергенiн байқап қалды ма: «Дайындап жатқан жинақ қой. Үстiнен қарап, қағып-сiлкiр жұмысы ғана қалып тұр. Әрi-берi отырып, қолыма қалам алам да, жүрек бүлк...