Ия, балалар әдебиетінде біршама уақыт өнімді де өрісті жұмыс істеп, үлкен поэзия есігін именбей ашқан кешегі Қадыр Мырзалиевтің, бүгінгі Қадыр Мырза Әлидің алғашқы жыр кітабы дәл осылай аталады: “Ой орманы”. Осы алғашқы жыр кітабының жалқы атауы — бара-бара , жылдар өте келе оның бүкіл щығармашылығын қамтитын жалпы атауға айналатынын жас ақын ол кезде білді ме, білмеді ме, бізге ол жағы беймәлім. Бізге мәлімі, ел арасында аса беделді, өте қадірлі, Қазақстанның ұшы-қиыры жоқ кең даласы аудиториясына айналып кеткен ақынның кез-келген оқырманынан Қадыр Мырза Әлидің ең басты ерекшелігі неде? деп сұрасаңыз , сөз жоқ, олар ешқандай кідіріп-күмілжіместен Ой дер еді.Ой! Ой! Ой! Түбі терең, ауқымы кең, дүмі мықты ұғым. Ия, Қадыр Мырза Әли — ой орманы. Бүгінде бұл атау оның бүкіл шығармашылық әлемінің — төлқұжаты.
Ой орманы
Ия, балалар әдебиетінде біршама уақыт өнімді де өрісті жұмыс істеп, үлкен поэзия есігін именбей ашқан кешегі Қадыр Мырзалиевтің, бүгінгі Қадыр Мырза Әлидің алғашқы жыр кітабы дәл осылай аталады: “Ой орманы”. Осы алғашқы жыр кітабының жалқы атауы — бара-бара , жылдар өте келе оның бүкіл щығармашылығын қамтитын жалпы атауға айналатынын жас ақын ол кезде білді ме, білмеді ме, бізге ол жағы беймәлім. Бізге мәлімі, ел арасында аса беделді, өте қадірлі, Қазақстанның ұшы-қиыры жоқ кең даласы аудиториясына айналып кеткен ақынның кез-келген оқырманынан Қадыр Мырза Әлидің ең басты ерекшелігі неде? деп сұрасаңыз , сөз жоқ, олар ешқандай кідіріп-күмілжіместен Ой дер еді.Ой!...