Сквайр Трелони, доктор Ливси, басқа да джентльмендер Қазына аралы туралы білетіндерімнің бәрін түгел жазып шығуымды өтінді. Олар Аралдың географиялық орнынан басқасының бәрін, бүкіл тарихын бастан-аяқ, егжей-тегжейіне дейін ешқандай бүкпесіз әңгімелеп беруімді қалады. Аралдың қай жерде екенін әлі де айтуға болмайды, өйткені біз әкетпеген қазына онда әлі күнге дейін сақтаулы жатыр. Сөйтіп, міне, мен биыл, 17 ... жылы, қолыма қалам алып, әлдеқашан өткен сонау бір алыс күндерді есіме түсіріп отырмын; ол кезде әкемнің "Адмирал Бенбоу" деген трактирі болған; бір күні трактирімізге бетінде қылыш жарақатынан қалған тыртығы бар, өңі күнге тотығып, қоңырқай тартқан бір қарт теңізші келіп тоқтады.
РОМАН
БІРІНШІ БӨЛІМ. КӘРІ ҚАРАҚШЫ
I ТАРАУ
"Адмирал Бенбоу" трактиріндегі тарлан теңізші
Сквайр Трелони, доктор Ливси, басқа да джентльмендер Қазына аралы туралы білетіндерімнің бәрін түгел жазып шығуымды өтінді. Олар Аралдың географиялық орнынан басқасының бәрін, бүкіл тарихын бастан-аяқ, егжей-тегжейіне дейін ешқандай бүкпесіз әңгімелеп беруімді қалады. Аралдың қай жерде екенін әлі де айтуға болмайды, өйткені біз әкетпеген қазына онда әлі күнге дейін сақтаулы жатыр. Сөйтіп, міне, мен биыл, 17 ... жылы, қолыма қалам алып, әлдеқашан өткен сонау бір алыс күндерді есіме түсіріп отырмын; ол кезде әкемнің "Адмирал Бенбоу" деген трактирі болған; бір күні трактирімізге бетінде қылыш жарақатынан қалған тыртығы бар, өңі күнге...