— Мен енді сіздерге осы жолы жәрмеңкеден үйреніп келген жаңа әнімді айтып берейін, — деп домбырасының құлақ күйін өзгертіп, «Ақ қайың» әнін шырқады. Әсіресе қайырмасын әсемдей келтіріп:
Естеліктер мен естігендер
ӨНЕР ШАЛҚАРЫ ШАШУБАЙ
— Мен енді сіздерге осы жолы жәрмеңкеден үйреніп келген жаңа әнімді айтып берейін, — деп домбырасының құлақ күйін өзгертіп, «Ақ қайың» әнін шырқады. Әсіресе қайырмасын әсемдей келтіріп:
Өтті-ау жалған, Қалдым қайран.
Жігіттік дағуасында-ой
Салдым сайран, —
деп құбылтты.
Әннің осы қайырмасын шырқағанда:
— Шырағым Рахымбек, мына жаңа әнді кімнен үйрендің, өзі бір төгіліп Тұрған сыр ғой, тағы бір айтып жіберші, — деп отырған үлкенді-кішілі қауым бәрі шу ете қалды. Рахымбек әлгіден де құбылта, үнін мәнеріне келтіре шырқады. Әнді аяқтап:
— Осы жолғы Қоянды жәрмеңкесінен менің тапқан олжам осы ән болды. Бір күні қостан ертерек...