Амансың ба, қасиетті далам!
(повесть)
Аударған Қалжан Нұрмаханов
Әке, мен саған ескерткіш орната алмаймын. Сенің қайда жерленгеніңді де білмеймін. Осы еңбегімді, әкем Төреғұл Айтматов, саған арнадым. Ана, сен бізді мәпелеп өсіріп, ел қатарына қостың. Сенің ғұмырлы болуыңды тілеп, осы бір еңбегімді, анам Нағима Айтматова, саған арнадым.
I
Амансың ба, қасиетті далам!
— Аманшылық. Келдің бе, Толғанай? Өзің былтырғыдан да қартайып кетіпсің ғой? Шашың қудай аппақ, қолыңда таяқ.
— Өмір деген зымырап өтіп бара жатқан жоқ па, Жер-ана? Арадан тағы да бір жыл зымырап өте шықты. Бүгін менің мінәжат ететін күнім.
— Білемін. Келеріңді біліп жатқанмын, Толғанай. Бұл жолы сен баланы да ертіп келмейтін бе...