Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақстан тарихы кафедрасының
доценті, т.ғ.к., Қозғамбаева Гүлнәр Бестібайқызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті – Қазақстандағы көпсалалы білім беретін алдыңғы қатарлы оқу орны. Алғашында Қазақ Мемлекеттік университеті деп аталды. Ол РКФСР Халық Ағарту Комиссариатының шешімімен 1934 жылдың 1 қаңтарында құрылды. Оның құрамында алғашында физика-математика және биология факультеттері болды. Университет отандық ғылым мен техниканы, мәдениет пен жоғары білімді дамытуға елеулі үлес қосып отырды.
1939 жылы республиканың мәдени өмірінде маңызды оқиға болды. Университеттің биология, химия, физика, математика факультеттерінің ең алғаш түлектері дайындалып шығарылды. 87 жоғары білікті маман КСРО ҒА-ның Қазақ бөлімшесіне, ғылыми және педагогикалық жұмыстары бойынша республиканың түкпір-түкпіріндегі жоғары оқу орындары...