Ымырт үйіріле ашық машина терезесінен шам сәулесі сығырайған жертөленің алдына тоқтай қалып еді. Кузовтағы екеу осы сәтке шақ жеткендей үша-ұша тұра келіп, кабинадан түсіп жатқан шофер жігітке қарасты.
Жиырмасыншы ғасыр жүр Маңқыстауда мұнаралар басына шырақ тасып ...
Төлеген Айбергенов
Ымырт үйіріле ашық машина терезесінен шам сәулесі сығырайған жертөленің алдына тоқтай қалып еді. Кузовтағы екеу осы сәтке шақ жеткендей үша-ұша тұра келіп, кабинадан түсіп жатқан шофер жігітке қарасты.
— Экспедиция конторы осы, жігіттер. Бастықтар әлі кете қоймаған болар, шам көрінеді ғой.
Еңгезердей шофер осыны айтып, тыртиған күртесінің ілгегін ағытты да күректей алақандарын уқалады.
Жазғытұрымғы жардай атанды жығар қызыл жел күншығысқа байланып қалғандай әлі соғып тұр. Екі күн бойы жолсоқты боп, сары даланың маужыр тыныштығы мен бірыңғай ызындаған машина үнінен әбден жалыққан екеу қуанысып калғандай еді. Қысқа плаштарының етек-жеңінен үрлеген...