Алдар алпыстан асып, бұрынғы тұрған өлкеден екінші өлкедегі бір ханның қол астындағы көп елдің ішіне келеді. Ел Алдарды құрметтеп, көрнекті орыннан қоныс беріпті. Көшіп кеткен өлкесінің тоналған байы, саудагері, ишаны, шайтаны, ханы бас құрап, Алдарды тауып, алтындарын қайтарып алмақ болады. Төрт ханның нөкерлерінен сұрыпталып, алаяқ қудан, елді құртқан сұмнан ала шапан кигізіп алпыс кісі шығып, Алдарды тауып келуге аттандырады. Бұлар астыртын сұрау салып, елден елге өтіп, тұтқиылда бас салуға келе жатқанын Алдар естіп, үйіне ауыл адамдарын түгел жинап, жеті қой сойып, ас береді.
— Жақсылар тұз-дәм айдап орталарыңа келіп, құрметтеріңізді көріп отырған қонақ едім. Таңертең Әзірейіл келіп: «Күн жарым өмірің...