Ташпан әр айдың соңғы екі-үш күнінде ғана қауырт жұмыс істейді. Басқа күндері шаруа түгілі, Құдайдың өзінен қолы бос. Әлгі екі-үш күндік жұмысы — қаладағы пәтер жалдаушыларынан ақша жинау.
******
Ташпан үшін әр айдың соңғы күндері мереке. Өйткені, бір ай бойы зарыға күткен бұл күндерінде шаһардағы жеті пәтерінің жалдау ақысын шашауын шығармай қалтасына басып, көңілі жайланып, шіреніп, желкесі күжірейіп қалады. Арагідік жалдау құны арзандау бір бөлмелі ескі пәтерінің ақысын жоққа санап, елуге келсе де ақыл-есіне ие бола алмай қыз-қырқынға қылмыңдап, кафелетіп шашып жіберетіні бар. Ертесіне кеткен шығынға іші ашып, өкпесі күйе өртене, аһілеп-уһілеп төсек тартып жатқаны. Араға бірер күн сала шемен...