Үлкен ауланың алдында орналастырылған К-700 тракторының ескі орындығына кішкентай екі жиенін отырғызып алып тербетіп ойнатып жатқан Ахмет шалға көршілері таң қалады. Таң атқаннан кеш батқанға дейін үлкен қызының балаларын ойнатудан жалықпайтын Ахметтің өзі де баладай жадырап шаршамайтыны қызық. Бірде қи таситын арбаға отырғызып сүйреп жүрсе, бірде екеуін арқасына кезек мінгізіп бәйек болады да жатады. Әсіресе кішісі Ерлан атасына үйірсек. Атасы да оны «құлыным-күленім» деп ерекше еркелетеді. Үлкені Мирлан өзінің аз да болса ересек екенін біліп салмақтылық танытады. Үй шаруасынан басқа көп нәрсеге көңіл аудара бермейтін қызыл шырайлы апасына көмектесіп, қолғабыс жасауға бейім. Апасының да таң ата салысымен күйбең тірлігі бітпейді....