Абылай хан 12 жасында қасында Оразалық деген сарт бар екен. Түркістан шаһарына келіп Әбілмәмбет патшаға келіп қызмет қылады. Онда орнығып тұра алмай, ұлы жүз үйсін Төле бидің түйесін бағады. Онда да байырлап тұра алмай, Сарыарқаға шығып атығай-қарауылдың ішіне келіп, Дәулеткелді байдың түйесін бағыпты.
— Атың кім? — деп сұрағанда,
— Атым — Сабалақ, — дейді екен.
Бәйбішесіне айтыпты:
— Өзге малшыдай көрмей, мұны күте гөр! Осы Сабалақ анық сарт емес, анау Оразалық сарт болса, болар, көзі алақандай, табаны түйенің табанындай жап-жалпақ, көзіне не көрінсе соны ішіп-жеп, аузынан суы ағып, ессіз-түссіз болып отыра береді. Мынау Сабалақтың еш нәрсемен ісі жоқ, ойлағаны...