Кеш болса таяу. Өрістен жайыла қайтқан сиырлардың қарасы да көрінді. Енді сауыншылардың ешқайсысын жұмсауға болмайды. Ал арғы бетте әлі бір шошақтай шөп қалып отыр. Бастықтан бір күнге деп сұрап алған тракторды, соған бола ертеңге дейін ұстаудың жөні тағы жоқ. Қайткенде де ол шөпті бүгін кештен қалдырмай фермаға жеткізіп алу керек. Кім біледі, бүгіннен қалса қол тие ме, тіпті қол тисе де ауа райы қалай болады? Таңертеңнен күн бұлыңғырланып тұр. Енді, әне кешке қарай батыс жақ күңгірт тартып, аспанды бұлт торлай бастады. Осының бәрін зыр қағып жүгіре жүріп ойлаған Күлипа сауыншыларды жинастырды. Кешкі сүттің есебін жазуды солардың біріне тапсырды да, шөпке өзі кетті.
Кеш болса таяу. Өрістен жайыла қайтқан сиырлардың қарасы да көрінді. Енді сауыншылардың ешқайсысын жұмсауға болмайды. Ал арғы бетте әлі бір шошақтай шөп қалып отыр. Бастықтан бір күнге деп сұрап алған тракторды, соған бола ертеңге дейін ұстаудың жөні тағы жоқ. Қайткенде де ол шөпті бүгін кештен қалдырмай фермаға жеткізіп алу керек. Кім біледі, бүгіннен қалса қол тие ме, тіпті қол тисе де ауа райы қалай болады? Таңертеңнен күн бұлыңғырланып тұр. Енді, әне кешке қарай батыс жақ күңгірт тартып, аспанды бұлт торлай бастады. Осының бәрін зыр қағып жүгіре жүріп ойлаған Күлипа сауыншыларды жинастырды. Кешкі сүттің есебін жазуды солардың біріне тапсырды да, шөпке...