Бүркіт Жукеловтің халыққа еткен еңбегін ұмытпай еске түсіргіміз келеді...
Облыстық (Кызылорда) газетте «Үйлеріміз қалада жұмысымыз далада» деген сын макала шыққалы аудан шаруашылық басшылар арасында күбір-сыбыр көбейіп кетті. 1952 жылдан бері қада ішінде орналасқан совхоз жыл сайын еңбек өнімділігін әлсіретіп экономикасы төмендеп кеткен еді.
Шаруашылықты басқарған корей азаматы Ким қанша тырысса да совхоздың өндірістік көрсеткішін көтере алмады. Совхоздың негізгі мақсаты қала халқын сүтпен қамтамасыз ете отырып бау-бақша өнімдерін өндіру қажет еді. Амал не, шаруашылығы әлсіреп егілген көкөністен жоспарлы көрсеткіштің өзін орындауға қол жеткізе алмады. Өйткені совхоздың бүкіл бағытталған жұмысы далада болғандықтан қаладан қатынап жұмыс жасайтын сауыншы, бақшашы механизаторлардың уақытылы жұмысқа шықпай қалуынан үлкен кемшіліктер жіберілді. Осындай шаруашылық істерін ұйымдастырудағы шалалықтың...