Бекболат анасының туған күніне не сыйларын білмей, кәдімгідей-ақ қиналып жүрді. Анасы не нәрсені ұнатушы еді? Әрі ойлап, бері ойлап, ақыры тапқан сияқты.
Бірде анасы Бекболаттың жейдесіндегі үзілген түймені көріп: «Мына түймең ді қадап алу қолыңнан келмей ме? Бір өзім қай жағына жетемін. Осындай ұсақ-түйекпен жүйкемді жұқартпасаң да болады ғой», — деп ренжіген.
Бекболат: «Түйме қадайтын қыз емеспін ғой», — деп қалған. «Дастарқан дәмі мынау қыздардың, мынау ұлдардың тағамы деп бөлінбейді ғой. Үй шаруашылығына келгенде неге даралана қаласың?». Мұны айтқанда анасының дауысы діріл деп, кемсеңдегендей болды. Бекболат сонда анасын қатты аяған еді. Содан бері үйде аналары жоқта қолына ине-жіп алып, майда-шүйде...