Балалардың кейде өзара бірнәрсеге келісе алмай, бір-бірімен таласып қалатыны бар. Үлкендеуі кішісіне күш көрсетіп, кішісі жылап, одан кейін қайта татуласып жатады. Бүгін де екі қыз болмашы нәрсеге таласып, бір-біріне өкпелеп қалды.
— Бері жақындаңдар, мен сендерге ертегі айтып берейін, — дегенім сол еді, бәрін ұмытып жаныма жүгіріп келді. Бірақ өкпелері әлі жазыла қоймаған сияқты. Оларға бір көз тастап қойдым да, ертегімді бастадым.
Бағдаршам әкейдің үш ұлы бар еді. Қызу қанды Қызылбек, сабырлы Сарыбай, көңілі ашық Жасылбек. Үшеуі өте тату тұғын. Ешқашан жұптары жазылған емес. Адамзат игілігі үшін қолдарынан келгенше аянбай еңбек етіп, көше тәртібін реттеп тұратын. Кейде сондай татулықтың арасына...