Көктем келді. Қыс ызғары қайтып, жердің бауыры жылып, барлық тіршілік иесі қуанышқа бөленгендей. Аққайың ананың да бүр-кұрсақтары шетінен ашылып, жапырақ жаюда. Тек ең кенже бүршік қана асығар емес. Сірә, әлі дүние есігін ашар уақыты келмеген-ау. Бірақ күннен-күнге мол түсіп, жылуы күшейген күн сәулесі қоя ма? Ойнақшып жүріп, кішкентай бүршікті қытықтап, бүр-құрсақты жарып шықпасына қоймады. Еріне басын көтерген Жапырақ мына кең дүниенің сұлулығын көріп, қалай жайылып кеткенін сезбей қалды. Қандай әдемі еді, табиғат! Көк аспан ше?! Тап-таза, тұп-тұнық! Жапырақ жан-жағына көзі тоймай қараумен болды. Құстардың сайраған үніне құлақ түрді. Өз бауырларымен Аққайың ананың көркін толтырып, самал желмен тербеле бақытты бір күй...