Ерке қыз көрші үйдегі өзімен жасты Айна қызбен ойнап отыр. Қуыршақтарына әдемі көйлек киіндіріп, бір-біріне «қонаққа» апарып жүр. Екі құрбы қуыршақтарын тілдестіріп отыр.
— Сәлеметсіз бе. Мен сізге қонаққа келдім, — дейді Ерке қыздың қуыршағы.
— Сәлемет пе. Қалыңыз қалай. Төрлетіңіз, — деп Айна қыздың қуыршағы
қонағын күтіп алып, зыр жүгіріп жүр. Аналарынан естіген сөздері ғой. Мысық екеуінің ойынын бақылап анадай жерде отыр. Анда-санда аяқтарымен бетін, мұртын сүртіп, тазаланып қояды. Кеш бата ойындары әбден қанған екі қыз үйлеріне тарасты. Күн ұясына батып бара жатқанда далада жүруге болмайды деп Ерке қыздың анасы қатаң ескерткен. Далада жаман нәрселер жүреді екен. Сондықтан күн...