Тарих тағы даңқты хан Абылайдың шын аты — Әбілмансұр. Абылай — оның арғы атасы. ол ел билеу ісінен гөрі жауынгерлік қимылға бейім адам екен. Сондықтан оны жұрт «батыр Абылай» деп атапты.
Әкесі өлгенде хандық жолы үлкен баласы Абылайдыкі еді. Бірақ пысық інісі ел жақсыларын өзіне қаратып алып, хандыққа ие болды (Бұл — атақты Әбілмәмбет ханның арғы атасы). Тиісті дәстүр бойынша әкесінің орнына ие бола алмағанына өкпелеп, Абылай батыр үргеніштегі нағашысы Ғайып ханға көшіп кетеді.
Ханның жиені әрі батыр Абылай Үргеніште абыройлы тұрады. Кейінірек Ғайып хан өлгеннен кейін оның жұрағаттары хандыққа ие бола алмайды, бақпен бірге дәулет те кетеді, күнкөріс қиынға...