Ертеде қазақтар Жайықтың ішкі бетін жайлаған. Олар: тана, табын т.б. рулар.
Бір жылдары Түркі ханы қазақтарға /Түбек еліне/ бір шарт қойған. Бұл шарты ол қазақтарды өзіне қосып алғысы келіп, Түбек елін сөзден жығуы үшін қолданған шартында: «Түбек елінің жабағысының кісінеген дауысын естіп, арғымақ биелеріміз құлын тастап жатыр. Осыған Түбек елі өзінің ақын-жазушыларын, батыр-шораларын, ақсақал-билерін алып келіп жауап берсін!» деген.
Ал Түбек елінің ақсақал-билері ақылдасып: «Онда бұл Түркімен ханы бізге жаулық іздеп отыр. Біз бұған қарсыласа алмаймыз. Бізді өзіне қосып алуына көнеміз дағы», — дейді. Осы кеңесте жас бала Сырым да қатысып отырады. Ол ақсақалдар жаңағыдай ұйғарымға келген соң, орнынан тұрып...